Call-center

8 7142 53-52-67

Работаем ежедневно 08:00 - 20:00

Телефон доверия

+7 708 475-15-74

Пн-Пт 08.00 - 16.30.    Сб. 9.00 - 11.30

Аурухана туралы

Басты / Аурухана туралы

Медициналық көмек 16 мамандық бойынша көрсетіледі: кардиология, пульмонология, гастроэнторология, эндокринология, токсикология, неврология, инфекциялық аурулар, жалпы және абдоминальды хирургия, травматология, урология, нейрохирургия, проктология, гинекология, лор мүшелерінің аурулары.

 

Терапиялық 100 төсек және хирургиялық бейінді - 230 төсек, анестезиология және реанимация бөлімшесі 12 төсекке жазылған, бұл жылына 10000-нан аса пациенттерді емдеуге мүмкіндік береді, соның ішінде 4500 оперативті пособие қабылдайды.

 

Пациенттерді қабылдау және жатқызу шұғыл және жоспарлы қабылдау бөлімшелері және травматологиялық пункт арқылы жүзеге асырылады.

 

Эндоскопиялық қызмет асқазан-ішек жолдарының әр түрлі ауруларында дер кезінде зерттеулер жүргізуге және емдеуге мүмкіндік беретін заманауи аппаратурамен жабдықталған, өт жолдарын емдеу және зерттеу үшін бірегей видеоэндоскопиялық кешенді лизингке сатып алу жоспарлануда:

 

 

Жоғарыда айтылған төсек бөлімшелерінен басқа аурухананың қалыпты жұмыс істеуі үшін келесі құрылымдық бөлімшелер бар:

 

Бұл параклиникалық қызмет – жылына әр түрлі параметрлер бойынша 500000-нан аса анализ жасалатын клинико-биохимиялық зертхана, УДЗ және рентгенологиялық зерттеулер кіретін, функциональды және сәулелі диагностика бөлімшесі. Жылына 58670-ке дейін процедура жасауға және 5000 науқасты емдеуге мүмкіндік беретін, 86 бірлік аппаратурамен жабдықталған физиотерапия және қалпына келтіру бөлімшесі.

 

Урологиялық қызмет қуықтағы және несепағардағы тастарды ұсақтауға мүмкіндік беретін, «Olympus» фирмасының байланысты литотриптормен, фибро-уретроцистоскопиямен, сонымен қатар, «DORNIER ALFA» дистанционды соққы-толқынды литотриптормен жабдықталған, оның көмегімен кез келген оқшауланған, соның ішінде бүйректегі тасты ауыртпалықсыз және қауіпсіз жолмен ұсқтауға болады.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – ойықжара ауруларын және олардың асқынуларын медикаментозды терапия үйлесімімен емдеу, емдік эндоскопия, токсикологиялық жағдайларын гемосорбция және плазмоферез әдістерімен емдеу, гастроэзофагальды рефлюксті ауруды лапароскопиялық әдіспен емдеуді меңгеру, кеуде қуысының жарақаты кезінде торакоскопия, ішкі қуыс мүшелері және ішперде артындағы кеңістік ауруларын хирургиялық емдеудің аз инвазивті әдістері.

 

Соңғы 3 жылда ауру тарихын электронды жүргізу, құжат айналымы және барлық іс қағаздарын жүргізуді қамтитын аурухананы компьютерлендіру жүргізілуде.

 

Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері қамтылған жергілікті компьютерлік желі құрылды.

 

ИНТЕРНЕТ желісінің арқасында аурухана дәрігерлерінің медицинаның соңғы жетістіктерінен хабардар болып және оларды өз жұмыстарында белсенді түрде қолдануларына мүмкіндіктері бар.

Ваше мнение

Насколько Вы довольны полученными медицинскими услугами?